АСТАНА. KAZINFORM – Академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев Париж Олимпиадасындағы жұбаныш кезеңін аяқтады.
Ширек финалға шығу үшін оған бірінші немесе екінші орын алу керек еді. Алайда қазақстандық спортшы төртінші орынды місе тұтты. Енді ол E/F тобындағы жартылай финалға қатысады.
Кеше ол бесінші орыннан көрінді. Алғашқы үш орындағы спортшылар ширек финалға жолдама алады. Қалғаны жұбаныш кезеңінде ойын көрсетеді.
«Яковлев қарсыластары арасында бесінші болды. Оны тактикалық қадам ретінде қарастырамыз. Тәжірибелі қарсыластарымен тартысқа түсу қиын тиді. Ертең оған қосымша іріктеу кезеңі өтеді», - деді жаттықтырушы.
Еске салсақ, бүгін Париж Олимпиадасында ел құрамасынан кімдер жарысқа шығатыны жайлы хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.