Кеменің өртенуі туралы фактіні жергілікті өңірдің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бас басқарманың баспасөз қызметі растады.
«Иә, өрт оқиғасы тіркелді, қазір бірігіп жұмыс істеп жатырмыз»,-деді баспасөз қызметінің өкілі.
Владивосток Теңіз құтқару-ұйымдастыру орталығы хабарлағандай, өрт «Маршал Шапошников» кемесінен шыққан. Кемеден 100-ден астам экипаж мүшелері эвакуацияланды. Құрбан болғандар мен зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.