Владивостокта ШЫҰ-ға мүше елдер әділет министрлерінің кездесуі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы айдың ішінде Владивостокта ШЫҰ-ға мүше елдер әділет министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті тоғызыншы кеңесінде ШЫҰ Бас хатшсы Дмитрий Мезенцев мәлім етті.

«Бүгінде Жоғарғы соттар басшыларының кездесуі нақты әрі теңгерімді деңгейде өткізілуде. Ішкі істер министрлері де өздеріне жүктелген міндеттерге кәсіби тұрғыда назар аударуда. Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Владивостокта Ресейдің төрағалығы кезеңіндегі біздің ұйымның әділет министрлерінің екінші кездесуі ұйымдастырылады»,- деді ол.

Оның атап өтуінше, ШЫҰ-ға мүше елдер Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының да кездесуі ұйым үшін мүлдем ерекше бірегей институт болып табылады. Бұл кездесулерде өңірлердегі сын-қатерлерді бағалауға байланысты барынша маңызды әрі теңгерімді сұхбаттастық орын алады.