Total басшысымен бірге ұшақтың 3 экипаж мүшесі, олар: Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Никон Яннь Жак Жозеф мерт болды. Құтқарушылар төрт адамның мәйітін тапты.
Ескерте кетейік, Мәскеудегі Внуково әуежайында «Falcon» жеке ұшағы қар жинаушы көлікке соғылып, апатқа ұшыраған болатын. Бұған дейін БАҚ-та апат салдарынан 5 адам қаза тапқаны жарияланған. Оның 4-уі ұшақ бортындағылар болса, біреуі көлік жүргізушісі.