РФ ІІМ Мәскеу бойынша мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұдан бұрын полицияға Киев вокзалы алаңында орналасқан мейрамхана өкілі ұрлық жасалғаны жайлы өтінішпен жүгінген. Айтуынша, жұмысқа келген ол белгісіз біреудің мейрамхананың кіреберіс есігін іштен жауып алғанын байқайды, сол аралықта ұры қызметтік бөлмеден компьютер мен сейфтегі ақшаны жымқырып үлгерген.
Жалпы шығын 500 мың рубльге жуық. Сол күні Мәскеу облысы аумағында полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол Ярослав облысының 24 жасар жұмыссыз тұрғыны болып шықты.