Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қытайлық Geely компаниясы «Форд» компаниясымен жасалған келісімнің нәтижесінде «Вольво» автоконцернінің 100 пайыз акциялар пакетіне ие болды.
Қытайлық компанияның басшысы Ли Шифудың айтуынша, компания танымал «Вольво» брэндін сақтап қалады. Geely компаниясы сондай-ақ, «Вольвоның» Швеция мен Бельгиядағы өндірістерін сақтап қалмақ ниетте. Және Қытайда жылына 300 мың жеңіл көлік шығаратын жаңа зауыт ашу жоспары бар.