Волейбол: «Ақтөбе» клубы «Жетісудан» айласын асырды

Фото: «Ақтөбе» волейбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM — Көкшетаудан волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші үлкен турының ойындарына нүкте қойылды.

Бүгін орталық матч көш басындағы Талдықорғанның «Жетісу» клубы мен «Ақтөбе» арасында болды.

Бұл жолы Сергей Трикоздың шәкірттері Марат Адрышев жаттықтыратын «Жетісуды» 3:0 (29:27, 25:22, 25:18) есебімен жеңді. 

Соған қарамастан, талдықорғандықтар 69 ұпаймен көш басында қалды. Екінші орындағы «Ақтөбенің» екі ұпайы кем.

Өткен жылғы ел чемпионы «Жайық» командасы күтпеген жерден бесінші сатыдағы «Буревестникке» (Алматы) жол берді — 1:3 (23:25, 11:25, 28:26, 34:36).

Бұдан кейін «Атыраудың» оралдықтарды басып озатындай мүмкіндігі бар еді. Алайда олар да «Ұшқын-Көкшетаудан» ұтылып қалды — 0:3 (21:25, 19:25, 18:25).
«Жайық» 58 ұпаймен үздік үштікті түйіндесе, «Атырау» (56 ұпай) төртінші сатыда қалды.

«Тараз» көш соңындағы «Есілден» (СҚО) айласын асырды — 3:0 (25:20, 25:22, 25:18).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» клубының «Жетісудың» жеңіс сериясын тоқтатқанын жазған болатынбыз.

«Жайық» волейбол клубының Азия чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды.