ОРАЛ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы 13 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді.
Хромтау қаласында өтіп жатқан бірінші турда кеше батысқазақстандықтар «Павлодар» командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Есесіне ел чемпионы «Алматы» командасы үшін биылғы маусым сәтсіз болып тұр. Олар кеше алаң иелері «ТНК Казхром» командасына 1:3 есебімен ұтылып, төртінші орынға түсіп қалды. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» мен хромтаулықтар 10 ұпаймен екінші, үшінші орындарды бөлісуде.
Бүгін командалар демалады. Ертең «Конденсат-Жайықмұнай» - «ШығысҚорғасынҚұрылыс», «Атырау» - «Павлодар», «Есіл» (Петропавл) - «Алматы», «ТНК Казхром» - «Тараз», 15 желтоқсан, соңғы күні «Атырау» - «Алматы», «Конденсат-Жайықмұнай» - «Тараз», «Есіл» - «Павлодар», «ТНК Казхром» - «ШығысҚорғанысҚұрылыс» өзара күш сынасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).