10:41, 23 Қыркүйек 2013
Волейбол: Хромтаулықтар Владимир қаласында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир қаласында 17-22 қыркүйек күндері волейболдан ерлер командалары арасында халықаралық турнир өтті.
Биыл бұл жарысқа Қазақстаннан -2, Ресейден 4 команда қатысты. Барлық қарсыластарынан басым түскен Хромтаудың «ТНК Қазхромы» жеңімпаз атанды. Олар Санкт-Петербордың «Автомобилист» командасын 3:0, Смоленскінің «СГАФК-Феникс» пен Оралдың «Конденсатын» 3:1, Стерлитамактың «Спортакадемия-ВРЗ» және жарыс қожайындарының «Владимирін» 3:2 есебімен ұтты. Ал Оралдың «Конденсаты» «Владимир» командасына 2:3, «Спортакадемия-ВРЗ», «Автомобилист» және «ТНК Қазхромға» 1:3, «СГАФК-Феникске» 0:3 есебімен жеңілді.