Топтық кезеңде "В" тобында өнер көрсеткен алматылық волейболшылар Мьянма, Тайланд, Түрікменстан және Катар чемпиондарын 3:0 есебмен ұтып, өткен жылғы клубтық Азия чемпионатының жеңімпазы болған Иран спортшыларына 1:3 есебімен есе жіберген еді. Енді ширек финалдық ойында топтық ойынның жеңімпаздары қарсы топта төртінші орын алғандармен, ал екінші орын алғандар үшінші орын алғандармен жұп құрайды. Ертең барлық командалар бір күнгі демалыстан соң жартылай және ақтық сайыстарын өткізеді.
14:30, 28 Шілде 2011
Волейбол: Индонезиядағы клубтық Азия чемпионатының ширек финалдық ойындары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Индонезияның Палембанг қаласында өтіп жатқан ерлер арасында клубтық Азия чемпионатының ширек финалдық ойындары өтіп жатыр. Топтық кезеңде екінші орын алған Геннадий Паршиннің тәлімгерлері бүгін "А" тобында 3-орын алған командамен ойнайды.