ОРАЛ. ҚазАқпарат - Италияның Верона қаласында волейболдан әйелдер құрамасы арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында кеше Қазақстан ұлттық құрамасы Тайландпен алаңға шығып, екінші топтық кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салды.
Бұл ойында Александр Гутор баптайтын қазақстандық қыздар тайлықтарды бет қаратпай 3:0 есебімен ұтып, өз тобында төртінші орынды иеленді. Сөйтіп өз тарихында тұңғыш рет екінші топтық кезеңге өтіп, үздік он алты команданың қатарынан табылды. Бұған дейінгі қазақстандық қыздардың үздік көрсеткіші деп Бейжің олимпиадасындағы тоғызыншы орынды айтуға болады.
Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 1 қазаннан бастап Бразилия, Сербия, Түркия, Болгариямен сынға түсетін болады.
Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Орал волейболының түлегі Сара Анарқұлова да өнер көрсетуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).