Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасына Олимпиада жолдамасы бұйырмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волейболдан АҚШ-та өткен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы жолдамаға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін волейболданҚазақстан әйелдер командасы АҚШ-та өткен Токио Олимпиадасына іріктеу турниріннәтижесіз аяқтады.

Қазақстандықтарсоңғы ойынды Болгария құрамасына қарсы өткізген болатын. Өкінішке қарайқарсыластарына 0:3 есебімен ұтылды. Қазақстандықтардың бұл аталған турнирдегіүшінші жеңілісі.

Осыған дейін біздіңкоманда алғашқы кездесуде жарыс қожайыны америкалықтармен кездесіп, 0:3есебімен жол берді. Біздің команда үш партияда 17:25, 10:25, 10:25 есебіменұтылған. Ал екінші кездесуде Аргентинамен сынға түскен отандастарымыз кездесуқорытындысы бойынша 1:3 (25:22, 8:25, 20:25, 16:25) есебімен жеңіліс тапты.

Жалпы есепқорытындысы бойынша қарсыластарынан іріктеу турнирінде Токио Олимпиадасыныңжолдамасын америкалықтар жеңіп алды.