Волейбол: Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында "Жетісу" командасы көш бастады

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Талдықорғанда өтіп жатқан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында жарыс қожайыны - Алматы облысының "Жетісу" командасы жеңіліссіз келе жатыр.

Кеше олар бұған дейін Теміртаудың «Мекталург», Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (3:1), Алматының «ЦСКА-Алматы» командаларынан (3:0) басым түскен «қарағандылық» волейболшылармен кездесті. Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша жеңілмеген екі команданың бұл ойынды спорт сүйер қауымның делебесін қоздырған болатын. "жетісу" өз алаңында жанкүйерлерін қуантып, қонақтарды 3:0 (25:18, 25:19, 25:20) есебімен ойсырата ұтты. Бүгін енді «ШығысҚорғасынҚұрылыс» пен «ЦСКА Алматы», «Қарағанды» мен «Ертіс-Қазхром», «Металлург» пен «Жетісу» клубтары өзара сайысқа түседі.