Онда волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы ойынын 14 қарашада Үндістан құрамасымен өткізеді. Бұл байрақты бәсеке ертең жарыс қожайындары мен Пәкістан құрамасы арасындағы ойынмен басталады. Одан кейін Тайпей мен Тайланд, Оңтүстік Корея мен Вьетнам, Индонезия мен Түрікменстан, Иран мен Моңғолия, Мьянма мен Гонконг, Кувейт пен Катар волейболшылары өзара кездеседі.
26 қарашаға дейін созылатын бұл бәсекеде Азияның 18 мемлекеті 4 топқа бөлініп өзара сайысқа түсетін болады. Алғашқы кезеңде Қытай, Тайпей, Таиланд пен Пәкістан "А" тобында, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Вьетнам мен Үндістан "B" тобында, Сауд Аравиясы, Иран, Индонезия, Түрікменстан мен Моңғолия "С" тобында, Катар, Жапония, Мьянма, Кувейт және Гонконг "Д" тобында бақ сынайды.
15:06, 12 Қараша 2010
Волейбол: Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы ойынын Үндістанмен өткізеді
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Қытайдың Гуанчжоу қаласында XVI Азия ойындары өз жалауын көтерді.