Оған биыл волейболдан ерлер арасында Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы қатысып, 1 орынды жеңіп алды. Григорий Неклюдов жаттықтыратын қазақстандықтар топтық кезеңде Австрияның «Hotvolleys» (17:25, 8:25), Германияның «VC Dresden» (13:25, 12:25), «SCC Berlin» (9:25, 17:25), Швейцарияның «Amriswil» (17:25, 8:25) және Болгарияның «Varna Volley» командаларын (18:25, 8:25) 0:2 есебімен ұтты. Одан кейін жартылай финалда Қытайдың «Shanghai Shibei High School» (16:25, 11:25), ал финалда Австрияның «Hotvolleys» клубтарын (21:25, 19:25) айқын басымдықпен жеңді.
11:08, 09 Шілде 2012
Волейбол: Қазақстан құрамасы Венада өткен Халықаралық спорт фестивалінің жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Австрияның Вена қаласында 4-10 шілде күндері дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін Халықаралық спорт фестивалі өтеді.