деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, әлем чемпионатының іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде волейболшыларымыз Иран, Оңтүстік Корея және Жапонияның ұлттық құрамаларымен шеберлік байқасады. Атап өтерлігі, әлем чемпионатының финалына аталмыш кезеңде 1-ші және 2-ші орын алған командалар шығады. Ойындар айналымдық жүйе бойынша өтеді.
Жарыс күнтізбесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы тамыздың 28-і Жапониямен, 29-ы Оңтүстік Кореямен, 30-ы Иранмен кездеседі. Волейболдан 2010 жылғы әлем чемпионаты Италияда өтеді. Біріншіліктің шымылдығы қыркүйектің 24-інде Миланда ашылып, түңдігі қарашаның 10-ында Римде жабылады. Чемпионатқа барлығы 24 команда қатысады.
Қазіргі таңда 17 команда біріншіліктің финалдық кезеңіне шығып қойды. Олар: Бразилия, Венесуэла, Австралия, Қытай, Болгария, Чех Республикасы, Франция, Германия, Италия, Польша, Ресей, Сербия, Испания, Тунис, Куба, Пуэрто-Рика және АҚШ.