Алаңға Қазақстан-1 (негізгі құрама) және Қазақстан-2 (резерв) болып шыққан волейболшылардың ойыны аса тартысты өтті. Үш сеттен кейін Қазақстан-2 командасы негізгі құраманы 2:1 есебімен жеңіп жатты. Алайда ұлттық құраманың волейболшылары бұл партияны өз пайдасына шеше білді. Есеп - 2:2. Ал соңғы сетте жастар еш қиналмай, Қазақстан-1-ді 15:9 есебімен жеңіп кетті. Сөйтіп, бұл кездесуде резервте тұрған қоманда негізгі құраманы қапы қалдырды.
Бүгін Қазақстан-2 Бахрейнмен кездессе, негізгі құрама Біріккен Араб Әмірліктерімен ойнайды.