Волейбол: ҚР Президентінің кубогы үшін 6 команда бақ таластырады

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Ертең волейболдан әйелдер командалары арасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы кубогы жолындағы жарыс өз жалауын көтереді.

Бәсекеге алты команда қатысады, деп хабарлайды «Аламан».

Ел намысын қорғайтын біздің құрамалардың құрамы төмендегідей:

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ: Ольга Наседкина, Людмила Анарбаева, Карина Ишимцева, Марина Стороженко, Ирина Шенбергер (барлығы «Жетісу»), Сана Жарлығасова («Астана»), Инна Матвеева («Ертіс-ҚазХром»), Елена Гордеева, Людмила Исавева, Татьяна Афанасьева, Ирина Лукомская (барлығы «Алматы»), Татьяна Мудрицкая (Кипр).

Бас бапкері - Александр Гутор.

ҚАЗАҚСТАН-2 ҚҰРАМАСЫ: Зарина Сейітқазынова («Грация-КЗ»), Екатерина Разоренкова, Яна Ягодина (барлығы «Алматы), Анастасия Ростовщикова, Валерия Чумак (барлығы «Қостанай»), Әлия Батқұлдина («Шығыс-Свинец Строй»). Екатерина Акилова, Наталья Акилова (барлығы «Қарағанды»), Айнагүл Айжарықова («Астана»), Диана Кавторина («Ертіс- ҚазХром»).

Бас бапкері - Людмила Перевертова.