Геннадий Паршин баптайтын ұлттық құрама жарыс қожайындарына 1:3 есебімен есе жіберді. Олар Лохе қаласында өткен алғашқы кезеңде де 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Бүгін қытайлықтардың «Henan Tianguan» командасымен күш сынасуда. 23 мамырда қазақстандықтар олардан 2:3 есебімен жеңілген болатын.
Ертең - турнирдің ақтық ойындары. Қытайлықтар өзара сайысса, қазақстандықтар Үндістан құрамасымен шеберлік байқасады. Бұған дейін 22 мамырда өткен ойында Г.Паршиннің шәкірттері қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түскен еді.