Волейбол: Оралда «Достық» халықаралық турнирі мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қала күніне орай волейболдан жасөспірімдер арасында «Достық - Дружба» ІХ халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.



БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа Қазақстан мен Ресей қалаларынан келген командалар қатысып, бақ сынады.



Турнир қорытындысында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында Астана қаласы командасы жеңімпаз атанса, павлодарлықтар - екінші, оралдықтар үшінші орынға ие болды. Астаналық Андрей Лукьяненко, павлодарлық Валерий Хохлов және оралдық Владимир Щелоков «Ең үздік ойыншы» аталымына ие болды.

2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Атырау, Самара және Нижневартовск қаласы командалары жүлделі орындарды бөлісті. Жекелеген ойыншылардан атыраулық Айбек Маратов, самаралық Семен Томм және нижневартовскілік Павел Олисов үздік шықты.