Волейбол: Оралда өткен турда «Атырау-2» командасы жеңімпаз атанды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ел біріншілігінің төртінші туры мәреге жетті.

Тур қорытындысында 17 ұпай жинаған «Атырау-2» командасы жеңімпаз атанды. «Динамо-Қостанай» 15 ұпаймен екінші, «Ұшқын-Искра» (Алматы) 13 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Оралдың «Жайығы» өз алаңында «Ұшқын-Искра» командасын 3:0, «Динамо-Есіл-СК» (Петропавл) клубын 3:1, «Алтай-2»-ні (Өскемен) 3:2, «Қорқыт ата-ҚМУ»-ды (Қызылорда) 3:0 есебімен жеңсе, есесіне атыраулықтардан 1:3, қостанайлықтардан 2:3, павлодарлықтардан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Төрт турдан кейін 59 ұпаймен «Атырау-2» көш басына көтерілсе, алматылықтар 56 ұпаймен екінші сатыға сырғыды. Үшінші орындағы қостанайлықтардың да 56 ұпайы бар. «Жайық» 53 ұпаймен төртінші орында келеді.

Еске сала кетейік, қорытынды, бесінші тур 27 сәуір - 6 мамыр аралығында Атырауда өтіп, біріншілік жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады.