Волейбол: Оралдың «Конденсаты» жаңа біріншілікті сәтсіз бастады

None
ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында өтіп жатқан волейболдан ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХ чемпионатының бірінші турында Оралдың «Конденсаты» сәтсіз өнер көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күні Александр Перегуда жаттықтыратын оралдықтар Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасынан 0:3 есебімен жеңілсе, одан кейін Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысына», «Атырау» және Петропавлдың «Есіліне» 1:3 есебімен есе жіберді.

Бұрын көшбасшы командалармен иық теңестіріп жүретін «Конденсаттың» биылғы аяқ алысы алаңдатарлық.