ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында өтіп жатқан волейболдан ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХ чемпионатының бірінші турында Оралдың «Конденсаты» сәтсіз өнер көрсетуде.
Жарыстың алғашқы күні Александр Перегуда жаттықтыратын оралдықтар Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасынан 0:3 есебімен жеңілсе, одан кейін Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысына», «Атырау» және Петропавлдың «Есіліне» 1:3 есебімен есе жіберді.
Бұрын көшбасшы командалармен иық теңестіріп жүретін «Конденсаттың» биылғы аяқ алысы алаңдатарлық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).