Волейбол: «Тұран» Орталық Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
18:45, 06 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Волейболдан әйелдер клубтары арасында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында «Тұран» командасы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Бұл жолы түркістандықтар «WAMCO» (Мальдив) командасымен шеберлік байқасты.
Тартыстылау өрбіген бірінші партияда түркістандықтар басымдылық танытты - 25:21. Қалған екі сет тіпті оңайға түсті - 25:8, 25:8. Қорытынды есеп - 3:0.
Осылайша, Асқар Шалқыбековтің шәкірттері өз тобынан бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан «Тұран» клубының Орталық Азия чемпиондар лигасын сәтті бастағанын жазған едік.