Өскеменде былтырғы ел чемпионы және биылғы суперкубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) мен турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан «Тұран» (Түркістан) командасы шеберлік байқасты. Бұл кездесуде сербиялық Марко Гршич жаттықтыратын талдықорғандықтар 3:1 (25:14, 25:14, 25:27, 25:17) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Жетісу» клубы ұпай санын 70-ке жеткізді. Талдықорғандықтар 2025-2026 жылғы чемпионат басталғаннан бері 24 ойында бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Тек Қазақстан кубогының жартылай финалында ғана «Қуанышқа» есе жіберді.
Өскеменнің «Берелі» өз алаңында «Алматыдан» айласын асырды – 3:0 (25:19, 26:24, 25:21). Турнирлік кестеде «Берел» 52 ұпаймен үшінші орында келеді.
Ал Петропавлда «Қуаныш» командасы «Ақтөбеден» айласын асырды – 3:0 (25:13, 25:12, 25:21). Осы жеңісінен кейін солтүстікқазақстандықтар 63 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.
Бесінші орындағы «Қарағанды» аса тартысты матчта «Астананы» қапы қалдырды – 3:2 (22:25, 25:19, 24:26, 25:17, 15:12).
Төртінші кіші тур қорытындысы бойынша әр командадан үздік ойыншылар анықталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» қыздарының өскемендік клубтан айласын асырғанын жазған едік.