АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түсуде. Қарсыластары – АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада.
Бүгінгі ойында қазақстандықтар қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді. Үш сеттегі нәтижелер: 14:25, 16:25, 11:25.
Қазірге дейін қазақстандық волейболшылар АҚШ пен Германияға есе жіберді.
Енді ел құрамасы 30 қыркүйекте Сербиямен шеберлік байқасады.
Дүбірлі дода Нидерланд және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.
Фото: coed.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.