деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі ойында теміртаулық «Спартак» пен «Металлург» командалары арасындағы кездесу 3:1 есебімен (25-27, 25-21, 25-19, 25-19) аяқталды. Талдықорғандық «Жетісу» алаң қожайындарының «Алматы» командасын (3:0) ойсырата ұтты. Өскеменнің «Шығысы» павлодардың «Ертісінен» (1:3), оралдың «Грациясы» елорданың «Астанасынан» (0:3) ұтылды. Кеше астаналық волейболшылар өскемендік құрдастарын 3:1, ал «ертістіктер» "метаталургшыларды», "жетісулықтар" "спартакшыларды", "алматылықтар" "грациялықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Әзірге өткен жылғы ел кубогының 1-3 орындарын өзара бөліскен 3 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр. Енді ертеңгі ойындар «Ертіс» пен «Грация», «Астана» мен «Жетісу», «Металлург» пен «Шығыс», «Алматы» мен «Спартак» командалары арасында өтеді.