Енді «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»( Өскемен), «Қостанай» және «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) волейболшылары «Астана», «Алматы» және «Ертіс-Қазхром»(Павлодар) командаларымен бірге жартылай финалға шығуға таласады. Олардың қатарын соңғы жылдары ел чемпионаты мен кубогының иегері болып жүрген «Жетісулықтар» (Талдықорған) толықтырмақ.
«Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Жетісу», «Астана» - Ұлттық лигада өнер көрсететін ұжымдар. Ал «Қостанай» Жоғары лиганың «А» дивизионында, «Қуаныш және К» оның «Б» дивизионында бақ сынап жүрген командалар.