Волейболдан әйелдердің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Хорватияға аттанды

АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрама 25 мамыр мен 19 маусым аралығында Хорватияның Задар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Бас бапкер Александр Гутор оған Қазақстан чемпионатынан - 14, ал шет елден - 1 спортшыны шақырып отыр. Олардың қатарында - ел чемпионатының  бірнеше дүркін чемпионы атанған Алматы облысының «Жетісу» командасынан ОльгаНаседкина, КориннаИшимцева, Людмила Анарбаева, Марина Стороженко, Ирина Шенбергер,  «алматылықтардан»   Сана Жарлағасова, Ирина Лукомская, Татьяна Афанасьева, Елена Гордеева,   «астаналықтардан» Зарина Сейітқазинова, Ольга Карпова, Юлия Куцко, «Ертіс-Қазхромнан» Инна Матвеева, «Спартак АМТ»-дан Наталья Акилова және Канада елінен Алена Омельченко бар. Бұл қыркүек айында Алматыда өтетін «ҚР Президентінің кубогы» XIX Халықаралық турнирі аясындағы Азия кубогына дайындық болады.