НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Тиба қаласында волейболдан ерлер арасында Қазақстан құрамасының қатысуымен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайбэй және Сауд Арабиясы.
Бүгін қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайбэймен кездесіп, қарсыласына 0:3 (20:25, 22:25, 19:25) есебімен есе жіберді.
Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Құрдықтық додада 16 құрама төрт топқа бөлінген.
А тобында Жапония, Үндістан, Катар, Бахрейн, B тобында Иран, Пәкістан, Иран, Гонкон, С тобында Қытай, Австралия, Кувейт, Шри-Ланка құрамалары шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.