АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда өтіп жатқан волейболдан 18 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізіп, бірінде қарсыластарынан басым түссе, екіншісінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үндістан құрамасына қарсы алғашқы ойында отандастарымыз қарсыластарына үш партияда есе жіберіп алды. Есеп: 21-25, 23-25, 21-25.
Ал екінші ойында Қазақстан құрамасы Оманмен кездесіп, тартысты өткен матчта волейболшыларымыз 25-23, 36-34, 25-19 есебімен жеңіске қол жеткізді. Бұл кездесуде 19 ұпай жинаған Илья Чекурсков үздік ойыншы атанды.
Осылайша, бір жеңістен кейін үш ұпай еншілеген отандастарымыз өз тобында екінші орында тұр. Енді, қазақстандықтар келесі кездесуді Жаңа Зеландияға қарсы өткізбек.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.