Бұл күндері Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр. Қазақстан командасы бесінші орын үшін өткен матчта Тайпеймен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандықтар құрлық додасына бестікке еніп отыр. Сондай-ақ, біздің команда келесі жылы өтетін лицензиялық турнирге қатысу құқығын жеңіп алды.
Азия аймақтық іріктеу сынына қатысу үшін құрлық чемпионатындағы үздік алты команданың қатарында болу қажет.