Асқар Шалқыбековтің шәкірттері бұл жолы В тобында Иран командасымен шеберлік байқасты.
Өткен айда Орталық Азия чемпионатында қазақстандық қыздар Ираннан екі мәрте жеңіліп қалған болатын.
Азия кубогында алғашқы матчында Индонезияға 1:3 есебімен есе жібергендіктен, ирандықтарға шегінер жер жоқ еді. Олар Қазақстанмен ойынды сәтті бастады – 25:13. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар шеберліктерінің деңгейі жоғары екенін көрсетіп, камбэк жасай білді - 25:20, 25:14, 25:19.
Команда капитаны, байланыстырушы Наталья Хазова ойынды үйлестірсе, Кристина Белова, Татьяна Яцкив шабуылда көбірек ұпай алды. Жанна Сырожкина, Айгүл Мүлкібаева, либеро Әмина Қырықбаева жеңіске өз үлестерін қосты. Юлия Фоменко тосқауыл қоюда ерекше көзге түсті.
Осылайша, үш бәсекеде 9 ұпайға қол жеткізген Қазақстан құрамасы жартылай финалға бір табан жақындай түсті. Қазақстандықтар 11 маусымда Ливанмен, 12-сінде Вьетнаммен алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасының Гонконгтан басым түскенін жазған едік.
Сондай-ақ Азия кубогында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.