Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы тартысты матчта Бахрейнге жол берді

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы Бахрейнмен сынға түсті.

Фото: :instagram.com/atyrau_vc

Бұл кездесудің А тобындағы қос команда үшін де маңызы зор еді.

Аталмыш топта алаң иелері 12 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Бахрейн 6 ұпаймен екінші орында болса, Қазақстан (5 ұпай) үшінші сатыда еді. Сондықтан жеңген құрама жартылай финалға бір табан жақындай түседі. 

Сергей Трикоздың шәкірттері матчты сәтті бастады — 25:22. Алайда бұдан кейін бахрейндіктер күш алып кетті — 25:23, 25:17, 25:20. Қорытынды есеп — 3:1, Бахрейннің пайдасында.

Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы ойынын 26 маусым күні Жаңа Зеландиямен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасының Аустралияны камбэкпен жеңгенін жазған едік

Волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір команданы камбэкпен ұтты.