Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан топтық бәсекені жеңіспен түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы топтық бәсекені аяқтады.

Фото: ҚВФ

Сергей Трикоздың шәкірттері А тобындағы соңғы кездесуін Жаңа Зеландия командасымен өткізді.

Алғашқы екі партия қазақстандықтардың пайдасына шешілді — 25:21, 25:19.
Үшінші сетті жаңазеландиялықтар алды — 25:22. Дегенмен қазақстандық ойыншылар есесін жібермеді — 25:22. Қорытынды есеп — 3:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы А тобында 8 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Енді олар 5 орын үшін таласады.

А тобынан Үндістан мен Бахрейн жартылай финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасының Аустралияны камбэкпен жеңгенін жазған едік. 

Волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір команданы камбэкпен ұтты.

Қазақстан құрамасы тартысты матчта Бахрейнге жол берді.