Волейболдан Бас прокурордың Кубогі сарапқа салынуда
12:39, 17 Қараша 2011
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада волейболдан прокуратура органдарының ұжымдары арасында ҚР Бас прокурорының Кубогі жолындағы жарыс басталды.
Аталмыш дәстүрлі спорттық шара биыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойына және прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығына арналып отыр.
Чемпионатқа өңірлік қағидамен жасақталған алты команда қатысуда. Олар - Бас прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» құрама командалары.