Волейболдан дәстүрлі республикалық турнир аяқталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Арал ауданында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, және  Қызылорда облыстарынан  28 команда  (ұлдар - 17, қыздар 11 команда), барлығы 280 спортшы қатысты.

Нәтижесінде, ұлдар арасында Шиелі ауданының №9 ОРМБЖМ командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды - Арал ауданының Жақсықылыш кенті,  үшінші орынды Арал ауданының №19 ОРМБЖМ  командалары еншіледі.
 

Қыздар арасында Ақтөбе қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде - Ырғыз ауданына, қола жүлде Арал ауданының  №19 ОРМБЖМ командасына бұйырды.


Турнир үздіктері:


Ұлдар арасында:

Үздік қорғаушы -  Нұрдәулет Тенеладинов (Ақтау)

Үздік байланыстырушы  - Бекарыс Ғабитұлы  (Ақтөбе)

Үздік шабуылшы - Ержан Адаев (Ақтөбе)


Қыздар арасында:

Үздік қорғаушы -  Анар Баймағанбетова (Ақтөбе)

Үздік байланыстырушы  - Айдана Молдабек  (Маңғыстау)

Үздік шабуылшы - Ақжелең Құрманова (Шиелі)