ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында «Жайық арена» спорт кешенінде өтіп жатқан волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде «Атырау» мен «Буревестник» командалары сынға түсті.
Б тобында Ислам Жұмабеков жаттықтыратын атыраулықтар кеше «Есілді» (СҚО) 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.
«Атырау» бүгінгі ойында да Игорь Никольченконың шәкірттеріне еш мүмкіндік қалдырмады – 3:0 (25:20, 25:21, 25:19).
Осылайша, атыраулықтар тұрақты чемпионатта бірінші орынға ие болған «Жайық» командасымен финал жолдамасын сарапқа салады.
Өткен жылы «Атырау» төртінші орынды қанағат тұтқан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Атырау» командасының «Есілден» айласын асырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).