ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі басталды.
Алғашқы болып «Павлодар» мен «Тараз» клубтары алаңға шықты.
Өткен жылы павлодарлықтар өз алаңында финалда фаворит саналса да, Юрий Башкатов шәкірттеріне есе жіберіп, күмісті қанағат тұтқан еді.
Дегенмен осы чемпионат барысында Сергей Грибов жаттықтыратын павлодарлықтар «Таразды» үш рет жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партия тараздықтардың есебіне жазылды — 25:23. Осыдан кейін «Павлодар» камбэк жасай білді — 25:20, 25:16, 25:21. Қорытынды есеп — 3:1.
Осылайша, «Павлодар» жартылай финалға бір қадам жақындады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында Оралда плей-офф бәсекелері басталатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).