ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында «Қуаныш» жартылай финалға шықты.
Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандық клуб Б тобында «Алматымен» (бас бапкері Рафаэль Гилязутдинов) кездесті.
Бірінші партияда «Қуаныш» 25:19 есебімен басым түссе, екіншісінде де жеңісті уысынан шығарған жоқ — 25:22. Үшінші сет 25:19 есебімен аяқталды. Қорытынды есеп — 3:0.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған «Қуаныш» Өскеменнің «Берелімен» шеберлік байқасатын болды.
Екінші жартылай финалда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан) командалары өзара сынға түседі.
Жартылай финалда екі рет жеңген клуб соңғы, чемпиондық бәсекеге жолдама алады.
Қалған төрт команда 5-8-орындарды сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Тұранның» жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ «Қуаныш» топтық бәсекеде «Ақтөбеден» айласын асырды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).