Онда «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өз алаңында барлық қарсыластарын ойсыра ұтып, турнир кестесінде 27 ұпаймен көшбасшылық тізгінді өз қолына сақтап қалды. Олардан қостанайлықтар 4 ұпай қалып қойса, оралдықтардың - 12, теміртаулықтардың - 13, павлодарлықтардың - 19, қарағандылықтардың 24 ұпайы кем. Бұл турда өз қоржынына өскемендік «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 14, «Қостанай» - 13, теміртаулық «Спартак АМТ» - 8, павлодарлық «Ертіс-Қазхром» - 6, оралдық «Грация -Астана KZ» 4 ұпай салса, «Қарағанды-2» бірде-бір ұпай қоса алмады. Енді ел чемпионатының 3-ші туры 11-18 ақпанда Оралда өтеді.
14:26, 19 Желтоқсан 2012
Волейболдан ел чемпионатында Жоғары лиганың «А» тобындағы өскемендік қыздар қарсылас шақ келтірмеуде
АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскеменде 13-18 желтоқсан күндері волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 2-ші туры өтті.