Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы үшініш орында келе жатыр

АЛМАТЫ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Волейболдан Алматыда өтіп жатқан «ҚР Президенті кубогы» ХІХ халықаралық турнирінде 9 ұпаймен таиландтықтар көш бастауда.

Олар Тунис құрамасын 3:0, «Қазақстан-2» құрамасы мен Қытайдың Бейжің қаласының «BAIC Motor» командасын 3:1 етіп ұтып, «Қазақстан-1» құрамасына ғана 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Бірдей ұпай жинағанымен алғашқы ойында оларға 0:3 есебімен ұтылып, Бахрейн мен «Қазақстан-1» құрамаларын 3:1, «Қазақстан-2» құрамасын 3:0 есебімен  жеңген тунистіктер екінші орныда тұр. Бұған дейін 6 ұпаймен  көш бастап келген  Геннадий Паршин жаттықтыратын «Қазақстан-1» ұлттық құрамасы кеше үшінші орынға түсіп қалды. Олар Бахрейн мен Таиланд спортшыларын (3:0) ойсырата жеңгенімен, «BAIC Motor» командасы мен Тунис  волейболшыларына 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін енді ақтық кездесуде «Таиланд» пен «Бахрейн», «Тунис» пен «BAIC Motor», Қазақстан-2» мен «Қазақстан-1» өзара кездеседі.  Кубог иегері көшбасшылар арасындағы ойында белгілі болады.  Ал бұл сында қазақстандықтардың екінші орын алуға мүмкіндігі бар.