ОРАЛ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Украинаның Самбор қаласында 1999-2000 жылғы қыздар арасында «Самбор-2013» VІІ халықаралық турнирі мәреге жетті.
Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен (ОБЖСМ) түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста Польша, Словения, Украина, Германия елдерінің командаларымен сынға түскен оралдық «Грация KZ» солардың бәрін де тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. ОБЖСМ тәрбиеленушілерінен құралған команданы Көлеңке Ғұбашев жаттықтырады.
Сондай-ақ Ресейдің Соль-Илецк қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен тағы бір халықаралық турнирде аталмыш ОБЖСМ командасы екінші орынға көтерілді. Оған Соль-Илецк, Орынбор, Пенза, Новокуйбышевск, Ясный және Орал қаласынан командалар қатысты. Оралдықтар Новокуйбышевск командасына ғана жол берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).