Волейболдан хромтаулықтар жеңіліссіз келе жатыр

АЛМАТЫ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Өскеменде волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-туры өтіп жатыр.

15 наурызда басталған бұл бәсеке ертең аяқталады. 4 кездесудің қорытындысы бойынша қазір Хромтаудың «ТНК Қазхром-2»  командасы ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс3») 3:0, қызылордалықтар («Қорқыт Ата -ҚМУ») мен тараздықтарды («Тараз-ТарМУ») 3:1, теміртаулықтарды  («ВСМК-АрселорМиттал») 3:2 есебімен ұтты. Ертең енді соңғы ойынын қостанайлықтармен («КИиЭУ») өткізеді. Олар  бұл турда барлық кездесуде қарсыласынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын.