Бірінші турдан кейін көш бастаған «Буревестник» Алматыда ел біріншілігінің қола жүлдегері — Оралдың «Жайығын» қабылдады.
Қос командада да жаңа маусымда бірқатар өзгерістер болды.
Бейсенбі күнгі ойында алаң иелері оралдықтарды 3:0 (25:22, 25:20, 25:20) есебімен тізе бүктірді.
Бүгін алдымен «Буревестник» 25:18 есебімен алға шықты. Екіншісінде «Жайық» есе қайтарды — 25:16. Алайда одан әріге шамасы жетпеді — 15:25, 22:25. Қорытынды есеп — 3:1, алматылықтардың пайдасында.
Осылайша, ұпай санын 12-ге жеткізген «Буревестник» турнир кестесінде жеке-дара алда келеді.
Қазақстан чемпионы «Жетісу» Талдықорғанда күміс жүлдегер «Ақтөбемен» ұпай алмасты.
Тартысты өткен бірінші бәсекеде ақтөбеліктер 3:2 (26:24, 20:25, 21:25, 25:21, 15:12) есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде талдықорғандықтар қарымта қайырды — 3:0 (25:17, 25:17, 25:16).
Атыраулықтар Қаратау қаласында «Таразды» екі рет қапы қалдырды — 3:1 (24:26, 25:16, 34:32, 25:20) және 3:2 (23:25, 15:25, 25:20, 25:15, 15:12).
«Оқжетпес» (Ақмола) Өскеменде жергілікті «Берелге» еш мүмкіндік қалдырмады — 3:0 (25:11, 25:15, 29:27) және 3:0 (25:16, 25:18, 25:18).
Ақмолалықтар 9 ұпаймен екінші орынға жайғасса, «Жетісу» (7 ұпай) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Үшінші тур ойындары 3-4 қарашада өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Буревестник» командасы көш бастағанын жазған едік.