АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Жетісу» клубы (Талдықорған) қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.
Марат Адрышевтің шәкірттері бүгін «Ақтөбемен» сынға түсті.
Сенбі күні «Таразбен» суперкубок ойыны өтетіндіктен шығар, «Ақтөбенің» бас бапкері Сергей Трикоз бүгінгі кездесуге екінші құрамды шығарды.
Осыған дейін «Ақтөбе» мен «Жетісу» 5 ұпаймен екінші-үшінші орында тұрған еді.
Талдықорғандықтар 3:0 (25:19, 25:21, 25:22) есебімен басым түсіп, 8 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бүгін "Тараз» «Есілді» ұтса, қайтадан көш бастайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Тараз» волейбол клубының ел чемпионатында көш бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).