Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» клубы «Павлодарды» жеңді

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында плей-офф ойыны өтті. 

«Жайық арена» спорт кешенінде «Жетісу» мен «Павлодар» еңм мықтыны анықтады. 

Сергей Грибов жаттықтыратын павлодарлықтар кеше «Таразды» 3:1 есебімен жеңген болатын. Бүгін «Жетісуды» жеңген жағдайда «Павлодар» жартылай финалға шығатын еді.

Бірінші партияда Максим Мищенко доп берген сәттерде «Павлодар» алға кеткенімен, сол басымдылықты сақтап тұра алмады — 26:28. 

Қалған екі сетте Марат Адрышевтің шәкірттері есесін жібермеді — 25:20, 25:16. Қорытынды есеп — 3:0. 

Ертең «Тараздан» айласын асырса, «Жетісу» жартылай финалға шығады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Павлодар» клубы волейболдан плей-офф кезеңін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.