ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында «Ақтөбе» мен «Жетісу» екінші жартылай финалдық кездесуін өткізді.
Осы маусымда Қазақстан кубогы мен суперкубокты ұтып алған ақтөбеліктер (бас бапкері Сергей Трикоз) кеше талдықорғандықтарды 3:0 есебімен жеңген еді.
Бүгін «Жетісу» матчты қарқынды бастады — 25:21. Дегенмен бұдан кейін «Ақтөбе» камбэк жасай білді — 27:25, 25:15, 25:20. Қорытынды есеп — 3:1.
Бүгін сондай-ақ павлодарлықтар «Есіл» клубын 3:1 (25:17, 22:25, 25:18, 25:19) есебімен екінші рет тізе бүктірді.
Ал, Алматының «Буревестнигі» өткен жылғы ел чемпионы «Таразды» тағы жеңді. Бұл жолы 3:1 (25:16, 27:25, 17:25, 25:19) есебі тіркелді.
Осылайша, «Павлодар» мен «Буревестник» 5-орын үшін таласатын болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» командасының жартылай финалда «Жетісуды» жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ «Жайық» командасы камбэкпен «Атыраудан» басым түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).