ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының ойындары өтіп жатыр.
Қазақстандық маман Виктор Козик жаттықтыратын Оралдың «Жайығы» атыраулықтарды 3:0 (25:16, 25:17, 25:11) есебімен ұтты.
Осылайша, 16 ұпай жинаған оралдықтар турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Бұған дейін көш бастаған «Жетісу» (Талдықорған) Алматының «Буревестнигінен» жеңіліп қалды — 0:3 (24:26, 20:25, 18:25).
«Павлодар» ел чемпионы «Таразды» 3:0 (25:15, 27:25, 31:29) есебімен тізе бүктірді.
Алаң иелері 15 ұпаймен «Жетісу» клубымен теңесті.
Кубок және суперкубок иегері «Ақтөбе» СҚО-ның «Есілінен» басым түсті — 3:0 (25:13, 25:20, 25:18).
Жұма күні «Атырау» — «Жетісу», «Ұшқын-Көкшетау» — «Ақтөбе», «Есіл» — «Жайық», «Буревестник» — «Павлодар» командалары қай мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары сынға түсетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).