Волейболдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңіндегі бірінші ойында алматылық қос команданың бірі ұтып, екіншісі ұтылды

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Алғашқы ойында тараздық "ТарГУ" мен теміртаулық "ВСМК Арселор миттал" қала аттас "Семей" мен Өскеменнің "Шығыс-ҚорғанысҚұрылыс 2" командаларына (0:3) ойсырай ұтылды. Шымкенттік "ЮКО" мен алматылық "ҚазҰАУ", петропавлдың "Есіл" мен павлодардың "Ертісіне" 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алматылық "ЦСКА" мен петропавлдық "Есіл-Виктория" командалары арасындағы кездесу алғашқысының пайдасына (3:1) шешілді. Қыркүйектің 17-сіне дейін созылатын бұл сайыста үздік шықан 4 команда енді қазанның 13-20 күндері Хромтау қаласында өтетін Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындарына жолдама алады. Ұлттық лигада топ жарған 4 командамен өткен бәсекеден кейін 4 жеңімпаз одан кейін қазанның 29-ы мен қарашаның 1-і аралығында Алматыда өтетін ақтық сында кездесіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазын анықтайтын болады.